$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.06.2025, 13:15
Қоғам

Министр Қазақстанда ең төменгі жалақы қашан өсетінін айтты

Қазір ең төменгі жалақы – 85 мың теңге

Министр Қазақстанда ең төменгі жалақы қашан өсетінін айтты
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда келесі жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы өсуі мүмкін. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жақыпова былтыр министрлік ең төменгі жалақыны есептеудің жаңа әдістемесін бекіткенін еске салды. Енді оның мөлшерін айқындағанда еңбек өнімділігі, нарықтағы медиандық жалақы мен инфляция деңгейі ескеріледі.

«Қазір бірнеше институт еңбек өнімділігі, өңірлер мен салалар бойынша медиандық жалақының нақты көрсеткіштерін анықтау үшін зерттеу жүргізіп жатыр. Осының бәрі ең төменгі жалақыны есептегенде ескеріледі», - деді министр парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында.

Айтуынша, ең төменгі жалақының мөлшері барлық зерттеу жұмыстары аяқталған соң белгілі болды. Ең төменгі жалақыны 2026 жылғы 1 қаңтардан көтеру үшін осы жұмыстар жыл соңына дейін аяқталмақ.

Айта кетері, қазір республика бойынша ең төменгі жалақы 85 мың теңгені құрайды.

Серіктес жаңалықтары