$ 537.96  630.27  6.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Кейбір мектеп пәндері бірігуі мүмкін: мұғалімдер жұмыссыз қалмай ма

20 өңірде пилоттық жоба басталады

Кейбір мектеп пәндері бірігуі мүмкін: мұғалімдер жұмыссыз қалмай ма
Фото: istockphoto.com

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндерді біріктіріп оқыту жүйесі сынақтан өтеді. Егер пилот сәтті жүзеге асса, бұл жүйе кеңінен енуі мүмкін. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрдің айтуынша, сарапшылар алгебра мен геометрияны біріктіріп оқытуды ұсынған.

«Бұл жаппай масштабты түрде енгізу мәселесі емес, әлемде бар үрдіс. Пәнаралық байланыс, пәндерді кіріктіріп оқыту мәселесі бұрыннан бар дүние. Сондықтан қазір әріптестеріміздің ұсынысымен пилоттық деңгейде енгізуді жоспарлап отырмыз. Егер бұл әрі қарай өз нәтижесін берсе, әрі қарай жалғасады. Егер өміршеңдігін көрсетпесе, бұрынғы күйде қала береді. Сол үшін мектептердің таңдауына беру жоспарланып отыр», - дейді Бейсембаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, пилоттық жоба 20 өңірде белгілі бір мектептерде басталады. Тізімі айқындалғанна кейін әр мектеп өз жоспарын бекітеді.

Осы орайда журналист мектеп пәндері біріктірілсе, мұғалімдер жұмыссыз қалмай ма деп сұрады.

«Мұғалімдер жұмыссыз қалмайды», - деп сендірді Бейсембаев.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#мектеп #мұғалім