$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Аудит ешқандай кемшілік жоқ деген соң «Биг Шанхайды» тексерген жоқпыз – ТЖМ

Өрт фактісі бойынша іс қозғалған

Аудит ешқандай кемшілік жоқ деген соң «Биг Шанхайды» тексерген жоқпыз – ТЖМ
Фото: ТЖМ

Астанада түгі қалмай жанып кеткен «Биг Шанхай» базарындағы өрттің себебі тамыз айының соңында белгілі болады. Бұл туралы төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, базардың отқа оранғанын сол маңдағы жетінші өрт сөндіру бөлімі көрген. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде үш қабатты ғимарат лапылдап жанып жатқан, бір жақ шеті опырылып құлаған.

«Біздің құтқарушылар өртті толығымен сөндіргенше кешкі алты жарымға дейін жұмыс істеді. Қасындағы «Орда» базарын өрттен аман алып қалдық. Оның алдында аудит тексерісі өтіп, базарда ешқандай кемшілік жоқ деген, сол себепті біз ол обьектіні аудит болған соң тексерген жоқпыз. Қазір іс қозғалған, сараптама осы айдың соңына дейін дайын болуы тиіс. Сол кезде өрттің себебі белгілі болады», - деді Тұрсынбаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Естеріңізге салайық, 2025 жылғы 18 шілде күні елордадағы «Биг Шанхай» базарынан түн ортасында өрт шыққан. ТЖ қызметкерлері тілсіз жауды таңғы сағат жетіде оқшаулаған, бірақ өртті толығымен кешкі сағат жетіде бір-ақ сөндірді. Сол күні базарда бутиктері бар зардап шеккен кәсіпкерлер мен қызметкерлерге көмек көрсету үшін арнайы түсіндіру штабы ашылды.

Серіктес жаңалықтары