$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Bek Air-дің артында тұрған адамдар қаншалықты ықпалды болса да, әділдік орнауы тиіс – Бозымбаев

Ұшақ апатынан қаза болған адамдардың туыстары өтемақы алуға тиіс деп санайды Бозымбаев

Bek Air-дің артында тұрған адамдар қаншалықты ықпалды болса да, әділдік орнауы тиіс – Бозымбаев
Фото: Бас көлік прокуратурасы

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев алты жыл бұрын Алматы әуежайы маңында құлаған «Bek Air» ұшағының апатын тергеуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұшақ апаты туралы іс сотқа тапсырылған. Алайда Көлік министрлігі апатқа қатысты ішкі тексеріс бастаған.

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында журналистер Бозымбаевтан осы апат үшін қаза тапқан ұшқыштарды айыптау қаншалықты әділетті екені туралы сұрады.

«Әділетті немесе әділетсіз деген тұрғыдан алсақ, бұл жерде шешімді сот қабылдауға тиіс. Мүмкін, бұл ұшқыштардың кінәсі емес шығар. Яғни, авиациялық тергеу бұған нүкте қоюы керек. Сол апаттан қаншама адам қаза тапты. Bek Air-дің артында тұрған адамдар қаншалықты ықпалды болса да, менің жеке пікірім – әділдік салтанат құруы тиіс, жақындарынан айырылған адамдар өтемақы алуы керек. Ақиқаттың беті ашылуы керек», – деді вице-премьер.

Естеріңізге салайық, 2019 жылғы 27 желтоқсанда қазақстандық Bek Air әуе компаниясының ұшағы Алматы әуежайы маңында апатқа ұшыраған болатын. Бортта 93 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған. Апаттан 12 адам қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары