05.08.2025, 11:20
Үкімет
Қазақстанда ауыр босанған әйелдер пансионатқа барып, толық күтіне алады
Аналарға оңалту көмегі көрсетіледі
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда жүкті және босанған әйелдерге медициналық көмек көрсету үшін «Салауатты ана» пансионаттары ашылып жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Шалғай ауылдарда жоғары тәуекел қаупі тобындағы жүкті әйелдерді алдын ала емдеуге жатқызу, сондай-ақ ауыр босанып, ауруы асқынған әйелдерді оңалтуға арналған «Салауатты ана» пансионаттары ашылып жатыр», - деді Әлназарова Үкімет отырысында.
Қазір пансионаттар Түркістан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында ашылып, жүкті әйелдерге қызмет көрсетіп жатыр.
Министр басқа өңірлердің әкімдерінен жыл соңына дейін облыс орталықтарында пансионат ашу мәселесін шешуді сұрады.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды