$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.06.2020, 10:49
Үкімет

Мемлекеттік комиссия «Самұрық-Қазына» активтерін жекешелендіру мәселелерін қарастырды

«ҚазМұнайГаз», «ҚТЖ» сияқты бірқатар активтерді бәсекелі ортаға беру мерзімі 2021-2023 жылдарға ауыстырылды

Мемлекеттік комиссия «Самұрық-Қазына» активтерін жекешелендіру мәселелерін қарастырды
Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерін жекешелендіру мәселелері қаралды.

Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 167 активі енгізілген, олардың ішінде қазіргі уақытта 138 актив бойынша тармақтар орындалды. 21 компанияда өткізу және тарату/қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әлемдік капитал нарықтарындағы құбылмалылық, энергия тасымалдаушылар құнының төмендеуі және әлемдік экономиканың өсу қарқынының бәсеңдеуіне байланысты «ҚазМұнайГаз», «Air Astana», «Тау-Кен Самұрық», «Qazaq Air», «Самұрық-Энерго», «Қазақстан темір жолы» және т. б. бірқатар стратегиялық активтерді бәсекелі ортаға беру мерзімін 2021-2023 жылдарға ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Серіктес жаңалықтары