$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.06.2020, 16:53
Үкімет

Жалақым өскен жоқ - Бас санитар дәрігер

Пандемия кезінде құзыреті кеңейген Айжан Есмағамбетова қанша жалақы алатыны жайында айтты

Жалақым өскен жоқ - Бас санитар дәрігер
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова жалақысы жайлы Azattyq Rýhy тілшісінің сұрағына жауап берді. «Эпидемия кезінде Бас санитар дәрігердің құзіреті артып, жұмысы көбейді. Осыған байланысты сіздің және өңірлердегі бас санитар дәрігерлердің жалақысы көбейді ме? Көбейсе, қанша?» деген сауал жолдады тілші.

«Президенттің тапсырмасы бойынша республикадағы санитарлық-эпидемиологиялық саладағы қызметкерлердің жалақысына 5 АЕК-тен бастап үстемақы төлеу қарастырылған (1 АЕК – 42 500 теңге авт.). Өңірлер алды, менің айлығым өскен жоқ», - деп жауап берді Айжан Есмағамбетова брифингте.

Алайда, Бас мемлекеттік санитар дәрігер нақты қанша жалақы алатынын айтқан жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы барлық медициналық қызметкерлердің жалақысын өсіру қажеттігі туралы тапсырма берген. 

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары