$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.05.2020, 13:42
Үкімет

«Пандемия кәсіби дәрігерлердің тапшы екенін көрсетті» - Президент дәрігерлер жалақысын өсіруді тапсырды

Олардың айлығы орташа жалақыдан 2,5 есе көп болады

«Пандемия кәсіби дәрігерлердің тапшы екенін көрсетті» - Президент дәрігерлер жалақысын өсіруді тапсырды
көрнекі фотосурет: astana.gov.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлтттық кеңес отырысында биылдан бастап дәрігерлердің айлығын кезең-кезеңмен өсіруді тапсырды.

«Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйесі үшін шын мәнінде ауыр сынақ болды. Бұл ахуал елімізде кәсіби дәрігерлердің тапшы екенін аңғартты. Бұған еңбекақының аздығы, мамандықтың беделді болмауы, дәрігерлер құқығының қорғалмауы себеп болып отыр. Түрлі сала мамандары ішінде ең төменгі жалақыны дәрігерлер алады. Үкіметке биылдан бастап дәрігерлердің еңбекақысын кезең-кезеңмен арттыруды тапсырамын. Олардың айлығы экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе артық болуы керек», - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, Үкімет бұл көрсеткішке 2023 жылға қарай қол жеткізуі тиіс. Сондай-ақ ол дәрігерлерді қызметтегі қателіктері үшін жөнсіз жазалай бермес үшін, клиникалық зерттеу кезінде жіберген ағаттығы үшін Заңды қайта қарау керектігін алға тартты. Президенттің пікірінше, медицина қызметкерлеріне көп жағдайда әкімшілік жаза қолданылғаны жөн.

Абай Сейфулла Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары