ШұғылҚазақстанда маусым айында пневмониядан 628 адам қайтыс болды

Байдың балаларына оқу грантын бермеу керек – Ұлттық кеңес мүшесі

Ұлттық кеңестің үшінші отырысы өтіп жатыр

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен онлайн форматта Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтіп жатыр. Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша, үшінші отырыста адам капиталы, соның ішінде білім саласын дамытудағы мәселелер қаралып жатыр.

Ұлттық кеңес мүшесі Асылбек Қожахметов жоғары білімге деген қолжетімділікті арттыру керек екені жайлы айтты.

«Бізге гранттарды бөлгенде мектеп бітірушілердің оқу үлгерімін ғана емес, әлеуметтік-экономикалық факторларды да ескеруіміз керек. Табысы жоғары отбасылардың балалары грант алмауы тиіс. Табысы аз жанұялардың бәріне грант беру керек. Мысалы, 50 балл жинаса болды. Сол кезде әлеуметтік лифт болады», - деді ол.

Асылбек Қожахметовтің есебінше, Қазақстанда студенттердің 30%-ы ғана мемлекеттік грантпен оқиды екен. Ал ауыл балаларының 20%-ы жоғары білім алады. Кеңес мүшесі білім алуға несие беру мәселесін де алға тартты.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Сұхбат
Юрий Ким адамдарды жаппай егу нәтижесінде індет 2023 жылы тоқтауы мүмкін дегенді айтты
Бүгінге дейін облыста COVID-19  вирусын жұқтырған 613 адам тіркелді
Бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары тоқтады