$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.06.2020, 12:25
Үкімет

20 маусымнан бастап Қазақстан Анталияға әуе рейстерін ашуы мүмкін

15 маусымнан кейін Германия, БАӘ, Чехия және Таиланд елдеріне халықаралық әуе рейстерін ашу жоспарланып отыр

20 маусымнан бастап Қазақстан Анталияға әуе рейстерін ашуы мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов онлайн форматта өткен халық алдындағы есептік кездесуінде 15 маусымнан бастап Қазақстан бірқатар елдермен халықаралық әуе рейстерін ашуды жоспарлап отырғанын айтты.

«Жақында ведомствоаралық комиссия жиын өткізіп, 1 маусымнан бастап Қазақстан Корея, Қытай, Әзербайжан елдерімен арадағы халықаралық әуе рейстерін қайта ашу туралы шешім қабылдады. COVID-19 бойынша қауіпсіз елдердің халықаралық рейтингі жасалған, шешім де сол бойынша қабылданды», - деді министр.

Министр 15 маусымнан кейін халықаралық әуе рейстерін ашудың 2 кезеңі жалғасатынын, қай елдермен әуе байланысты қайта ашылатынын айтты.

«Келесі кезеңде Германия, БАӘ, Чехия және Таиланд елдері бар. Польша мен Венгрияға да рұқсат алып қалуымыз мүмкін. Бұл – 15 маусынан кейінгі екінші кезең аясында. Мен басқа елдердегі әріптестеріммен үнемі байланыстамын. Жақында Түркияның Транспорт министрімен сөйлестім. Олар 20 маусымнан бастап Анталияға рейстер ашуға келісіп отыр. Бұл бойынша жұмыстар жалғасады», - деп түсіндірді Индустрия министрі.

Серіктес жаңалықтары