$ 516.93  542.52  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақ-қытай шекарасында астық тиелген 2,5 мың контейнер кептеліп тұр – ҚТЖ

Қытай экспорттық бақылауды қатаңдатқан

Қазақ-қытай шекарасында астық тиелген 2,5 мың контейнер кептеліп тұр – ҚТЖ
Фото: © istockphoto.com

Қорғас станциясында бидай тиелген 2,5 мыңнан аса контейнер кедендік тексерістен өте алмай тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚТЖ баспасөз қызметінің ақпаратынша, Қытайдың Бас кеден басқармасы шекарада контейнерге тиелген астықты кіргізу бойынша бақылауды күшейткен. Контейнерлерді қарау уақыты екі есеге – 10 тәулікке дейін ұзарған.

«Қорғас станциясының өзінде кедендік тексерісті күтіп, 2500-ден астам контейнер жиналып қалды. Екі ай ішінде фитосанитарлық, карантиндік сертификаттар және кедендік декларациялар бойынша 25 мың тонна бидай жүгі қазақстандық жөнелтушілерге қайтарылған. Қазақстан бойынша астық тиелген контейнерлік пойыздар кептеліп тұр. Осыған байланысты қазіргі таңда ҚТЖ контейнерлерге бидай тиеуді реттеуге мәжбүр», - деп мәлімдеді ҚТЖ.

Компания Ресейге тасымал еш шектеусіз жүріп жатқанын атап өтті. Орталық Азиядағы дәстүрлі нарықтарға жаңа егіннің тасымалы былтырғы кезеңмен салыстырғанда 30 пайыздан астамға ұлғайып, 1 млн тоннадан асқан.

Қыркүйек-қазан айларында жаңа жиналған астықтың 2,2 млн тоннадан астамы тасымалданған, соның ішінде 1,8 млн тоннасы экспортқа шығарылды. Бұл көрсеткіш былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 30%-ға жоғары, дейді ҚТЖ.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#астық жинау