$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан не себепті әлі күнге дейін +7 телефон кодын қолданады?

Ол Қазақстанға ғана тиесілі кодтар бар екенін айтты

Қазақстан не себепті әлі күнге дейін +7 телефон кодын қолданады?
Фото: Azattyq Rýhy

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев неліктен Қазақстан Ресеймеен бірдей +7 телефон кодынан бас тартпағанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Телефон коды бойынша санкцияларға қатысты айтатын болсақ, ешбір шектеу оған әсер етпейді. Ресей сияқты +7 санын қолданатынымыз рас. Бірақ қосымша тек Қазақстанға тиесілі нөмірлену де бар. Олар: +77, +76, +75. Біз сондай-ақ +70 саны бойынша келісімдер жүргіземіз», - дейді Мәдиев.

Министр бұл тек Қазақстанға қатысты мәселе екенін айтты.

«Тұтынушы ретінде түрлі әлеуметтік платформалардың, қосымшалардың, банктік қосымшалардың, банктік шоттардың пайдаланушысы ретінде мен телефон кітапшасында, қосымшаларда және барлық жерде жаңа нөмірлерді енгізу ыңғайсыз болар еді деп санаймын. Менің ойымша, азаматтар бұл ұстанымды қолдайды», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары