$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қаржы министрі: Соңғы 3 жылда кіріс 4 трлн болса, шығын – 9 трлн теңге

Оның ақшасы бюджетке құйылмақ

Қаржы министрі: Соңғы 3 жылда кіріс 4 трлн болса, шығын – 9 трлн теңге
Фото: Azattyq Ruhy

Қаржы министрі Мәди Тәкиев бюджеттегі шығыстың кірістен көп екенін мойындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгінде бюджетті әзірлеу өткен жылдың параметріне қарап жасақталады. 2022 жылы өсім қарқыны 143 пайыз болғанын ескере отырып, 2023 жылға қоямыз. Былтыр да көп жағдайда табыс болмады. Осы жылғы өсім 2024 жылға есептеледі. Соңғы 3 жылдағы кіріс 4 трлн болса, шығын 9 трлн теңге болған. Бұлай болған себебі қажетті базаны жинау керек. Бізде көптеген салық төлеушінің жеңілдіктері бар. Оны да қайта қарау керек. Ол ақша бюджетке түсуі керек», - дейді ол.

Тәкиев жаңа бюджеттік кодекс аясында осы жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.

«Жаңа кодекс аясында көптеген жеңілдікті қысқартып жатырмыз. Ол жеңілдіктен 1-3 трлн теңге кіріс түседі деп күтіліп отыр»,- дейді Мәди Тәкиев.

Серіктес жаңалықтары