$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде қанша мүгедектігі бар бала тұрады? Министр жауап берді

Жалпы халықтың 732 мыңында мүгедектігі бар 

Елімізде қанша мүгедектігі бар бала тұрады? Министр жауап берді
Фото:Azattyq Rýhy

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова елімізде мүгедектігі бар қанша азамат бар екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Елімізде 732 мың мүгедектігі бар азамат бар. Оның ішінде 201 мыңы зейнет жасындағы адамдар болса, 112 мыңнан астамы - бала», - деді Жақыпова. 

Мүгедектігі бар адамдардың басым бөлігі Түркістан облысында (101 мың адам), Алматы қаласында (57,89 мың адам) және Қарағанды облысында (57,8 мың адам) тұрады. 

Министрдің айтуынша, әлеуметтік қызмет көрсету бойынша қызметтер үнемі жетілдіріліп отырады. 

«Әлеуметтік қызметке мұқтаж отбасыға үңіліп қарасақ, олардың басқа да мәселелері бар екенін көреміз. Өмірлік қиын жағдайда болуы мүмкін. Оларға кешенді қызметті мобильді топтар атқарылуы керек. Бүгінде арнайы стандарт жасақталды. Ол цифрлық шешімдерді қолдана отырып, аталған отбасыны сүйемелдейді. Оның тиімділігі мен дұрыстылығын да бақылайды. Яғни, ол орталықтан жүзеге асырылады», - дейді министр. 

Серіктес жаңалықтары