Еңбек министрі бұйрыққа қол қойды: 42 500 теңге енді кімдерге төленбейді?

Еңбек министрлігі 42 500 теңге әлеуметтік төлемге өзгеріс енгізді

Еңбек министрі бұйрыққа қол қойды: 42 500 теңге енді кімдерге төленбейді?
фото: Батыржан Беспаев

42 500 теңгелік төлемді беру тәртібіне өзгеріс енгізілді. Тиісті бұйрыққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қол қойған.

Өзгеріске сәйкес, 42 500 теңгелік төлем акциялары және жарғылық капиталындағы үлестері тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлеріне берілмейді.

Толығырақ айтқанда, төтенше жағдай кезінде табысынан айрылғандарға беріліп келген 42 500 теңге әлеуметтік төлем енді төмендегі санаттағы азаматтарға берілмейді:

  • 1. БЖТ төлеушілерді қоспағанда, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ адамдарға;
  • 2. Өтініш берген күніне дейін дейін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ БЖТ төлеушілерге;
  • 3. Төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ АҚС шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларға;
  • 4. Еңбек немесе кәсіпкерлік қызметті (оның ішінде қашықтықтан) жалғастырған немесе ақылы еңбек демалысы берілген немесе жұмыс орындарының бірінде тоқтап тұру болған жағдайда, кәсіпкерлік қызметті қоса алғанда, екі немесе одан да көп жұмысты қоса атқаратын адамдарға;
  • 5. Егер бір мезгілде республикалық бюджеттен немесе қордан төленетін ай сайынғы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылса, төтенше жағдай енгізілгеннен кейін БЖТ-ны алғаш рет төлеген адамдарға;
  • 6. Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты ішкі істер органдарында тіркеуден шығарылған адамдарға;
  • 7. Толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі адамдарға. Төлемдерді жүзеге асыру үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтер автоматтандырылған режимде бұдан бұрын қалыптастырылған ІЭМ-ге енгізіледі. ІЭМ-ді көрсетілген мәліметтермен толықтыру туралы ақпарат автоматты түрде қордың филиалы мен Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.

Бұйрықтың толық мәтінімен танысу үшін сілтеме арқылы өтіңіз.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.