«48 млрд теңге игерілмеді». Қаржы министрі игерілмеген қаржының себебін түсіндірді

Салықтар бойынша жоспар 61 млрд теңгеге орындалмады

Бірінші вице-премьер - Қаржы министрі Әлихан Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында 2020 жылдың алғашқы 4 айындағы республикалық бюджеттің кірісі мен шығыстары туралы айтты. Қаржы министрінің айтуынша, ағымдағы жылғы 4 айдың қортындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 2,7 трлн теңге кіріс түсті. Жоспар 103,9%-ға атқарылды. Республикалық бюджетке 1,7 трлн теңге кіріс түсті.

Салықтар бойынша жоспар 61 млрд теңгеге орындалмады. Оның негізгі сомалары қосылған құн салығы және коропоративтік табыс салығы есебінен. Жоспардың орындалмауына сыртқы нарықтағы факторлар да әсер етуде.

Жергілікті бюджеттердің өз кірістері 119%-ға орындалып, 1,3 трлн теңгені құрады. Барлық өңірлерде кірістердің жоспары артығымен орындалды. Мемлекеттік бюджет шығыстары 97,7%-ға, республикалық 98,6%-ға, жергілікті бюджеттер 97,1%-ға атқарылды.

«Республикалық бюджеттің шығыстары есепті кезеңде 4,3 трлн теңгені құрады. 62 млрд теңгеге атқарылмады. Оның 14 млрд теңгесі үнемдеу болды. 48 млрд теңге игерілген жоқ. Игерілмеудің негізгі себептері — конкурстық рәсімдерді ұзақ және уақтылы өткізбеу, нақты көрсетілген қызмет көлемі, атқарылған жұмыстарға ақы төлеу, келісімдерді жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу, сотта талап-арыз жұмыстарын жүргізу», — деді Ә. Смайылов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.