«Су тасқыны. Ғарыш»: Қазақстан тасқынды болжайтын жүйе ойлап тапты
Ақпараттық жүйе ағылшын тілінде flood.garysh деп аталады
Қазақстанда осы жылдың соңына дейін су тасқынын болжау және модельдеуге арналған ақпараттық жүйе іске қосылады. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп (Қазақстан Ғарыш Сапары) су тасқынын болжау және модельдеу үшін flood.garysh ақпараттық жүйесін құру бойынша жұмыс жүргіздік. Осы жылдың 4-тоқсанында оны іске қосу жоспарланып отыр»,- деді Нұржігітов үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, ақпараттық жүйе стратегиялық шешімдер қабылдау үшін тиісті болжамдарды модельдеуге мүмкіндік береді. Яғни картада құзыретті органдар ұсынатын болжамды мәндерге сәйкес келетін ықтимал су тасқыны аймағын визуализациялау мүмкіндігі болады.