$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Су тасқынынан кейін өңірлерде неше үй салынды - Шарлапаевтың жауабы

104 үйдің құрылысы әлі аяқталмаған

Су тасқынынан кейін өңірлерде неше үй салынды - Шарлапаевтың жауабы
Фото: primeminister.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін салынған үйлер туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Су тасқыны еліміздің он облысында болды. Салдарынан 224 елді мекен, 17 603 тұрғын үй зардап шеккен. Зақым келген барлық ғимаратқа техникалық тексеріс жасалған. 

«Тексеріс қорытындысы бойынша 9 156 үй жөнделді. Ал 8 447 үй қалпына келмейтін үй болып танылды.  Нәтижесінде нарықтан 5 767 үй мен пәтер сатып алдық.  2680 жаңа үйдің құрылысы басталды. Жаңа тұрғын үй салу алаңдарын таңдау барысында оларды келешекте су басудан шектеу мақсатында жергілікті жердің рельефтері мен ландшафты ескерілді. Бүгінгі күнге 2576 үйдің құрылысы аяқталды»,- деді Шарлапаев үкімет отырысында.

Министр құрылыс жұмыстары мамыр айының соңында басталып 4 ай ішінде аяқталғанын атап өтті.

Мәселен, Батыс Қазақстан облысында 823 үй тұрғызылған. Облыстың шалғай аудандарында орналасқан елді мекендерде құрылыс жұмыстары толықтай қыркүйек айының басында аяқталды. Өңірдегі қалған 66 үйді осы айдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында 700 үй салынды.

«Өңірде алғаш рет темір-бетон конструкциядан жедел тұрғызылатын 300 үй салынды. Бұл – заманауи жылдам құрылыс технологиясы мен Қазақстан темір жолы тарапынан логистикалық қолдауының айқын көрінісі», - деді ведомство басшысы.

Ақтөбе облысында 500 үй салынды.

«Ырғыз ауданында ең қиын құрылыс жағдайы орын алды. Нұра ауылының тұрғандары келісім бойынша жаңа жерге көшіріліп, жаңадан тұрғызылған ауыл инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілді», - деді Шарлапаев.

Қостанай облысында 153 үй бой көтерді. Министрдің айтуынша, бұл өңір елді мекендердің бір-бірінен алыстығына қарамастан зардап шеккен азаматтарды 1 қыркүйекке дейін баспанамен  қамтамасыз етті.

Ақмола облысында 292 үй тұрғызылды.

«Қыркүйек айының соңына дейін қалған 38 үй аяқталады. Бұл үйлердің құрылысын бастамас бұрын азаматтар қоныс аудару және жаңа үйлер салу алаңын өздері таңдады.Бүгінгі күні құрылыс қарқыны жақсы жүріп жатыр», - деді шенеунік.

Ал Атырау облысының Құлсары қаласында 100 үй салынып біткен. Сондай-ақ Павлодар және Ұлытау облыстарында 8 үй бой көтерді.

Серіктес жаңалықтары