$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«6 адамның жағдайы аса ауыр»: министр ферроқорытпа зауытында зардап шеккендер жайлы айтты

Ол медициналық ұйымдар қажетті көмек көрсеткенін жеткізді

«6 адамның жағдайы аса ауыр»: министр ферроқорытпа зауытында зардап шеккендер жайлы айтты
Фото: depositphotos.com

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қарағандыда ферроқорытпа зауытында болған төтенше жағдайға қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министр зардап шеккендерді ауруханаға жедел жәрдем көлігі емес, неге өзге мақсаттағы көлік жеткізгенін түсіндіріп берді.

«Бұл қайғылы оқиғадан зардап шеккендер бар. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жетті. Қажетті медициналық көмек көрсетілді. Шағын уақыт аралығында қажетті бригидалар жасақталды. Жедел жәрдемнің жету уақыты бойынша қосымша ақпарат береміз», - дейді ол.

Министр атағандай, медициналық жедел жәрдем күйікке қарсы алғашқы көмекті көрсетуі керек еді.  

«Алайда оқиға орнындағылар зардап шеккендерді жедел жәрдем көлігін күтпей, қызметтік көлікпен өздері ауруханаға жеткізуге шешім қабылдаған. Бұл оқыс оқиға кезінде жасалған әрекет. Медициналық ұйымдар тарапынан қажетті жағдайлар қамтамасыз етілді. Бұл мәжбүрлі іс-шара болды деп айтуға болады», - дейді Әлназарова.

Министр зардап шеккендер жеткізілген медициналық ұйымда барлық қажетті көмек көрсетілгенін айтты.

«Алайда зардап шеккен 6 адамның жағдайы әлі де аса ауыр», - дейді ол.

20 шілдеде Ydd Corporation компаниясының ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, 8 қызметкер зардап шеккен еді.

Серіктес жаңалықтары