$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ондай шарт жоқ»: Әлназарова Мәсімовтың найман екеніне қатысты пікір білдірді

Ол қосымша ақпарат болса, хабарлаймыз деп уәде етті 

«Ондай шарт жоқ»: Әлназарова Мәсімовтың найман екеніне қатысты пікір білдірді
Фото: видеодан скриншот

Үкіметте өткен баспасөз конференциясында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұрынғы ҰҚК басшысы кәрім Мәсімовтың руына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, күні кеше хабарлағынымыздай, Кәрім Мәсімовтың әкесі Қажымқан Мәсімовпен қызметтес болған дәрігер Арай Төлемісова Мәсімовтың ұйғыр емес, найман екенін айтқан болатын. Төлемісова бұл ретте Мәсімовтің компьютердегі кейбір құжаттарын көрдім деген. 

Осыған байланысты журналистер министрге «медицина құжаттарында адамның руы жазыла ма және жеке деректерді жария ету қаншалықты заңды?» деген сұрақ қойды.

«Мен ол подкасты көрген жоқпын. Қосымша ақпарат айтайық. Медициналық құжаттарда рудың жазылуына байланысты ешқандай шарт жоқ. Сондықтан қосымша ақпарат беру керек болса, жібереміз», - дейді Ақмарал Әлназарова.

 

Серіктес жаңалықтары