$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.07.2024, 20:00
Үкімет

Олжас Бектенов ШҚО-дағы отандық фармацевтика өндірісімен танысты

Зауыттың өндірістік қуаты – 360 анализатор мен 1,5 млн реагент жиынтығын құрайды

Олжас Бектенов ШҚО-дағы отандық фармацевтика өндірісімен танысты
Фото: Үкімет

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «TAKURRA» ЖШС медициналық техника және медициналық бұйымдар өндіретін отандық зауыттың әлеуетімен танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Отандық компания – ТМД аумағында жоғары дәлдіктегі автоматты ИХЛ (иммунохемилюминесцентті) анализаторларының жалғыз өндірушісі. Қанды зерттеуге арналған құралдың көмегімен 14 минут ішінде бірден 20 көрсеткіш бойынша нәтиже алуға және 150-ден астам ауруды ерте кезеңінде анықтауға болады. Зауыттың өндірістік қуаты – 360 анализатор мен 1,5 млн реагент жиынтығын құрайды.

Премьер-Министрге «TAKURRA» ЖШС бас директоры Андрей Кайзер компанияның мемлекеттік ауруханалардағы шетелдік анализаторларды отандық анализаторлармен ауыстыруға дайын екені туралы хабарлады.

 «Мемлекет басшысы сатып алудағы қазақстандық қамтуды және отандық тауар өндірушілермен офтейк-келісімшарттар үлесін арттыру міндетін қойды. Біз импортты алмастыруға ұмтыламыз. Денсаулық сақтау министрлігіне отандық анализаторлар үлесін біртіндеп арттыру бойынша талдау жүргізіп, мәселені зерделеуді тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет басшысына қазіргі модульдік автоматтандырылған ПТР-сынақ жүйесін іске қосу және отандық өндірістегі медициналық бұйымдарды шығару жоспарлары туралы да баяндалды.

Серіктес жаңалықтары