$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.07.2024, 17:19
Үкімет

Үкімет утиль алымды жою туралы петицияны қанағаттандырудан бас тартты (ВИДЕО)

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлім етті

Қазақстан үкіметі утиль алымды жою туралы петицияны қанағаттандырудан бас тартты. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утиль алымы мен алғашқы тіркеуге қарсы петицияға қатысты мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, басқа да мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділері арнайы жұмыс тобын құрып, утиль алымы мен алғашқы тіркеуге қатысты петицияны қарастырды. Петицияны қарау барысында барлық заңнамалық талаптар сақталды. Ашық қоғамдық талқылау нәтижесінде, петиция талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды», - деді Шарлапаев.

Министрлік осы бағытта атқарған жұмыстарын ресми сайттарында жариялаған. 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#утильалым