$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.07.2024, 12:33
Үкімет

Жасанды интеллект: еліміздің 8 университетінде 2 мыңға жуық студент білім алуда

Осы уақытқа дейін Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының 25 филиалы ашылды 

Жасанды интеллект: еліміздің 8 университетінде 2 мыңға жуық студент білім алуда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Саясат Нұрбек:

  • жоғары білім және ғылым жүйесін дамытуға бағытталған бірқатар бастама мен жобаларды таныстырды;
  • елімізде осы уақытқа дейін шетелдік жоғары оқу орындарының 25 филиалы ашылғанын айтты:

     – шетелдік серіктестермен аймақтардағы мемлекеттік университеттерді халықаралық білім беру стандарттары бар зерттеу университеттеріне айналдыру туралы келісімдерге қол жеткізілген;

     – биыл студенттерге қаржылай қолдау көрсетудің жаңа тетіктері енгізіле бастады. Олардың қатарына «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын, жеңілдетілген білім беру несиесі мен дифференцияланған гранттарды жатқызуға болады. Аталған шаралар халықтың барлық санатына жоғары білімнің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған.

  • жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берді:

     – қазір 8 жоғары оқу орнында 15 білім беру бағдарламасы бойынша 2000-нан астам студент жасанды интеллект саласын оқып жатыр;

     – цифрлық экономикаға бейімделген кадрлардың әлеуетін дамыту үшін Google, Nvidia, Coursera, 01 Edu System және Huawei сияқты трансұлттық компаниялармен ынтымақтастық орнатылған;

     – жасанды интеллект саласында мамандар даярлау үшін «Болашақ» бағдарламасы арқылы жыл сайын 100 стипендия бөлу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары