«Атом электр энергиясы жасыл энергияға жатады»: Сәтқалиев АЭС-тің қауіпсіздігі жайлы айтты

Аягөз Құрмаш

Министр оның қоршаған ортаға әсері жайлы да айтып өтті

«Атом электр энергиясы жасыл энергияға жатады»: Сәтқалиев АЭС-тің қауіпсіздігі жайлы айтты
Фото: freepik.com

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев үкіметте өткен баспасөз конференциясында АЭС салынған жағдайда ол қаншалықты қауіпсіз болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ядролық қондырғылары бар барлық ел АЭС-ті пайдалануға арналған бірегей технологияларды әзірледі. Түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Ол атомдық нысандарда апаттар да болуы мүмкін. Барлық ақпарат жинақталады. МАГАТЭ жанындағы сараптамалық орталықта осыған дейін болған жағдайларда қолданылған жаңа технологиялар мен реакторлар ұсынылады. Оларды пайдалану өте тиімді», - дейді ол.

Сәтқалиев АЭС-тің қоршаған ортаға әсері жайлы да айтып өтті.

«Еуропаның өзінде атом электр энергиясын жасыл электр энергиясы деп мойындады. БАӘ-де қоршаған ортаға тигізетін зиянды зерттеу жайлы өткен конференцияда 60 ел атом энергиясын пайдалануды кеңейту жайлы келісім шартқа қол қойды. Алдағы үш жылда атом электр энергиясын пайдалану 3 есеге артады деп отыр. Қазақстан да осы тұрғыда ортақ ережелерді пайдалана отыра жүзеге асырады», - дейді Алмасадам Сәтқалиев. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.