Жасанды интеллектіні қолданып жасалған өнім саны 5 есе өсуі тиіс – Олжас Бектенов

Azattyq Rýhy

Үкімет Жасанды интеллект саласын дамыту тұжырымдамасын қабылдады

Жасанды интеллектіні қолданып жасалған өнім саны 5 есе өсуі тиіс – Олжас Бектенов
Фото: freepik.com

Үкімет отырысында Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласын дамыту туралы тапсырмасының орындалу барысы қаралды. Үкімет тиісті Тұжырымдама жобасын қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жасанды интеллект жүйелерін қолдану 2030 жылға қарай жаһандық жалпы ішкі өнімді 14%-ға арттырып, 70%-ға дейін қосымша экономикалық тиімділік беруі мүмкін. Бұл қосымша $15,7 трлн-ға тең.  

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жасанды интеллектіні енгізуге арналған экономиканың басым секторлары айқындалды. Олардың қатарында мемлекеттік басқару, мұнай-газ, тау-кен өндіру, энергетика, көлік, логистика, сумен жабдықтау және ауыл шаруашылығы салаларындағы табиғи монополия субъектілері бар. Тиісті инфрақұрылымды құру, деректерді өңдеудің ең соңғы үлгідегі орталықтарын салу, суперкомпьютерді іске қосу және Ұлттық жасанды интеллект платформасының жұмыс істеуі бойынша шараларды жандандыру қажет.

2029 жылға қарай жасанды интеллектіні қолданып жасалған өнімдер саны 5 есеге өсуі тиіс. Осыған сәйкес, білім беру бағдарламаларының немесе жасанды интеллект бойынша пәндердің үлесі артуы керек. Бізге осы саладағы білікті мамандар қажет. Бұл ретте отандық компаниялардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін барынша ескеру маңызды, бұл тұтастай экономикаға мультипликативтік әсер береді», —  деп атап өтті Олжас Бектенов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.