Қоғам өкілдерін процеске тартудың арқасында ақшаға бақылау күшейтіледі – Олжас Бектенов

Azattyq Rýhy

Үкімет басшысы су басқан аймақтардағы жұмыстарды жеделдетуді тапсырды

Қоғам өкілдерін процеске тартудың арқасында ақшаға бақылау күшейтіледі – Олжас Бектенов
Фото: Үкімет

Су тасқыны салдарынан баспаналарынан айырылғандарға салынатын үйлердің құрылысы бойынша жеке тұрғын үйдің үлгілік жобасы әзірленуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің сөзінше, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, атап айтқанда мектептер мен балабақшалар, ауруханалар мен емханаларды жөндеуге басымдық беру маңызды. Құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылауда болады.

«Пәрменді тетікті пысықтап, оны барлық өңірлерге жеткізуді тапсырамын. Екіұшты түсіндірулер болмауы керек. Қоғам өкілдерін процеске тартудың арқасында ақшаға бақылау күшейтілетін болады», — деп түйіндеді Премьер-Министр.

Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Республикалық эпизоотияға қарсы жасаққа әкімдіктермен бірлесіп, су басқан аймақтардағы жануарлардың өлексесін жинау мен жоюды жедел аяқтау тапсырылды.

Су басқан аймақтардағы эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Республикалық эпизоотияға қарсы жасаққа облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жануарлардың өлексесін жинау мен жоюды жедел аяқтау тапсырылды.

Жою шараларын жүргізу үшін тиісті жабдықтар, қызметкерлер және қажетті дезинфекциялық құралдар қарастырылған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.