Су тасқыны болған аймақтардың оқушылары емтиханнан босатылады
Олар осы күндері мектепте өтетін сынақтарды тапсырмайды
Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқыны салдарын жою шаралары жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Кеңесте үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова мен тиісті министрлер тыңдалды.
Осы ретте Бектенов он өңірдегі оқушылар мектептегі қазіргі емтихандар мен сынақтардан босайтынын хабарлады.
«Қазіргі уақытта еліміздің он өңірінде ТЖ режимі жарияланған. 130-дан астам мектеп қашықтан оқыту форматына көшірілді, бірақ эвакуация аймақтарындағы балалардың оқу процесі үзіліп қалды. Оқу-ағарту министрлігіне мектеп оқушыларын ағымдағы емтихандар мен сынақтардан босатуды тапсырамын. Сонымен қатар оларға жоғалтқан уақыттарының орнын толтыруға әрі қарай да көмектесу қажет» — деп атап өтті Премьер-Министр.