$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Олжас Бектенов министрліктер мен әкімдіктердің сапасыз жұмысын сынады

Ол өкілетті мемлекеттік органдар қандай бағытта жұмыс істеуі керегін айтты

Олжас Бектенов министрліктер мен әкімдіктердің сапасыз жұмысын сынады
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов негізгі капиталған түскен инвестицияның аздығы жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ең кемінде 6 пайыз деңгейінде тұрақты экономикалық деңгейді қамтамасыз ету Үкіметтің биылғы және орта мерзімге арналған басты міндеті болып қала береді. Осыған байланысты мемлекеттік қолдау шаралары мен жаңа іске асырылып жатқан жобалардың санын ескере отырып, еліміздің экономикалық даму параметрлерін қайта қарау қажет», - деді Бектенов.

Ол Үкіметтің жұмыс бағытын айтты.

Ұлттық экономика министрлігіне салалық органдармен бірлесіп бір ай мерзімде биылғы 6 пайыз экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша бірінші кезектегі іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Жоспарда нақты әрі тиімді шаралар көрініс табуы тиіс. Үкімет нәтижелі жұмыс істеп, экономиканың барлық саласын тиімді үйлестіру керек», - деді ол.

Премьер-министр атағандай, биылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар небәрі 0,6 пайызға өскен.

«Мұндай төмен көрсеткіштер өкілетті мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің сапасыз жұмысын көрсетеді. Инвестициялық штаб жұмысын күшейту қажет. Оған жеткілікті өкілеттік бар. Министрлер мен әкімдердің басты міндеті – инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға тиімді әрі пәрменді қолдау көрсету», - деді Бектенов.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ 

Серіктес жаңалықтары