$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қосымша құн салығының ставкасы көтерілмейді – Премьер-министр

Ол Мемлекет басшысы осындай тапсырма бергенін айтты

Қосымша құн салығының ставкасы көтерілмейді – Премьер-министр
Фото: inbusiness.kz

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов қосымша құн салығының ставкасы көтерілмейтінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Кеңейтілген отырыста Мемлекет басшысы былтыр Қаржы министрлігі бизнеске 600 млрд теңгеге жуық қосымша құн салығын қайтармағанын атап өтті. Сонымен қатар шұғыл шығындарды қаржыландыру үшін бюджетке 2024 жылғы төлемдермен аванс берілген. Бұл дұрыс жоспарламаудың салдарынан болған, 2023 жылы түсуге тиіс болған кірістер жоспары асыра бағаланды», - деді Бектенов.

Ол атағандай, мұндай тәжірибе қайталанбауға тиіс.

«Маңызды мәселе. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қосылған құн салығының, яғни ҚҚС ставкасы көтерілмейді. Бюджет кірістерінің басқа көздерін табуымыз керек», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары