$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.04.2020, 12:19
Үкімет

Банкте есепшоты жоқтар да 42 500 теңгеге өтініш бере алады

Банктер 42 500 теңгені кредиттік қарыз ретінде ұстап қала алмайды

Банкте есепшоты жоқтар да 42 500 теңгеге өтініш бере алады
Фото: ашық дереккөзден

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов екі күн ішінде банк картасынсыз-ақ төтенше жағдай кезіндегі жәрдемақыға өтініш қабылдау механизмі жасалатынын хабарлады. Бірақ, өтініш берген соң, есепшот бір ай ішінде дайын болуы керек.

«Біраз азаматтарымыз ешқашан есепшот ашпаған екен. Ал жәрдемақыны олардың шотына аударуымыз керек. Сол үшін бәрі банкке жүгіріп жатыр, банктер де наразылық білдіруде. Сондықтан 1-2 күнде мынадай өзгеріс болады: өтініш берген кезде шотыңыз болмаса, шотты көрсететін жерге ештеңе жазбайсыз. Астында ескерту деген жерге жоқ деп көрсетесіз. Біз сіздің өтінішіңізді қабылдаймыз. 42 500 теңгені тағайындап, сіз шотты бергенше 1 айға дейін күтеміз. Шотты алған соң, ақшаны соған аударамыз. Сондықтан өтініш беріп қойып, асықпай шот ашатын жағдай қарастырып, бір-екі күнде порталдарға енгіземіз», - деді Б.Нұрымбетов.

Министр өз кезегінде банктерден банк картасын қашықтан ашып, үйлеріне жеткізіп беру мүмкіндігін қарастыруды сұрады. Қазір мұндай көмек көрсетуді «Халық банк» пен «Қазпошта» мекемелері бастаған.

Ал 42 500 теңге үшін арнайы есепшот ашудың қажеті жоқ.

«Қаржыны реттейтін агенттік барлық банкке талап қойды. Ешқандай арнайы шот ашудың қажеті жоқ, кез келген банк картасына аударылады. Және түскен 42 500 теңден ешқандай қарыздарды өтеп алу, несиелерді жауып алуға банктердің құқы жоқ», - деді министр бұл жайында.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары