42 500 теңге: өтініш беруді жеңілдету үшін 18 telegram-бот іске қосылды

Әр өңір бойынша жеке-жеке telegram-бот жұмыс істейді

42 500 теңге: өтініш беруді жеңілдету үшін 18 telegram-бот іске қосылды

Қазақстанда төтенше жағдай әсерінен табысын жоғалтқандарға 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақы алуға өтініш беру үшін әр өңірге жеке-жеке telegram-боттар ашылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев хабарлады.

«Бізге бұған дейін істеп келген telegram-боттың жұмысы баяу деген шағымдар түсті. Себебі өтініш берушілер көп болды. Сондықтан біз салмақ бір жерге түспес үшін 18 аймаққа арналған боттар аштық. Кез келгенін таңдап, өтініш бере аласыз. Сонымен бірге egov.kz және 42500.enbek.kz сайттарын да пайдалануға болады», - деп жазды министр парақшасында.

Министрдің жазуынша, кейбір «пысықайлар» telegram каналына оқырман тарту үшін фейк аккаунттар ашып алған. Әр өңір бойынша ашылған telegram-боттардың ресми сілтемесі төмендегідей:

  • https://t.me/Help42500Bot
  • https://t.me/JambylObl42500Bot
  • https://t.me/Kostanai42500Bot
  • https://t.me/Karagandy42500Bot
  • https://t.me/Atyrau42500Bot
  • https://t.me/Turkistan42500Bot
  • https://t.me/Aqtobe42500Bot
  • https://t.me/Pavlodar42500Bot
  • https://t.me/Mangystau42500Bot
  • https://t.me/ZKO42500Bot
  • https://t.me/Qyzylorda42500Bot
  • https://t.me/SKO42500Bot
  • https://t.me/VKO42500Bot
  • https://t.me/NurSultan42500Bot
  • https://t.me/Shymkent42500Bot
  • https://t.me/Almaty42500Bot
  • https://t.me/AlmaObl42500Bot
  • https://t.me/Akmol42500Bot

Бүгін telegram-бот арқылы 44 433 өтініш қабылданып үлгерген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.