Қазақстан әлем бойынша онлайн қызмет көрсетуден 8-орында тұр - Мусин
Ал «Электрондық үкіметті» дамыту бойынша 28-ші орындамыз

Үкімет отырысында Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин автоматтандырылған қызметтер жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Биыл қызметтердің 93% электрондық түрде көрсетілді. Былтырмен салыстырсақ, тек смартфон арқылы алатын қызметтердің саны биыл 6 есеге өсті.Kaspi, Halyk сияқты танымал қосымшаларда 50-ден астам қызмет көрсетіледі. Оларды саны 33 млн.ға жетіп, 3 есе өсті. Біз проактивтік қызметтерді де дамытып жатырмыз. Проактивтік дегеніміз не? Ол азаматтардың жүгінуін күтпей, айтқызбай, мемлекеттің өзі ұсынатын қызметтер. Олардың түрі 40-қа жетіп, саны 2 млн-нан асты»,- деді Мусин.
Министр атағандай, биометриялық растау және QR-мен қол қою арқылы электрондық қызмет жеңілдеген.
«Біріккен Ұлттар Ұйымының рейтингісі бойынша онлайн-сервис көрсету жағынан Қазақстан дүние жүзінде 8-ші орында. Ал, «Электрондық үкіметті» дамыту бойынша 28-ші орындамыз.
Әрине, біз бұнымен қанағаттанып қалмаймыз. Жұмысты одан әрі жетілдіре береміз», - деді ол.
Мусин атағандай, бала туу бойынша қызметтің 68 пайызы проактивті түрде жүзеге асырылады.
«Мысалы, дүниеге сәби келді дейік. Туу туралы куәлік пен пособие алу үшін оның анасы бұрын не істейтін? Сол баланы қолына алып, ЦОН-ға баруға мәжбүр болатын. Одан соң пособия алу үшін бірнеше өтініш жазып, 2 аптадай түрлі мекеменің табалдырығын тоздыратын. Ал, қазір еш жаққа барудың, өтініш жазудың қажеті жоқ. Мемлекет SMS арқылы анасын құттықтап, балаға ат қоюды сұрайды. Сөйтіп, ИИН де, туу туралы куәлігі де, жәрдемақылар да дайын болады. Келесі ретте, роддомнан шыққан соң жайлы патронаттық медбикеге SMS жіберетін боламыз. Жыл сайын 400 мыңға жуық бала туса, қазір олардың 68%-ына қызметтер проактивті-онлайн форматта ұсынылғанды», - деді Бағдат Мусин.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ