Қазақстанда дағдарыспен күреске 5,9 трлн теңге бөлінеді
Аталған қаржы үш бағытта жұмсалады
Қазақстандағы әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты ұстап тұруға, коронавирус салдарымен күреске бөлінетін ақшаның жалпы сомасы 5,9 трлн теңгені құрады. Бұл жайында Қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұлов мәлімдеді.
Аталған қаржының 2,5 трлн теңгесі бюджеттік емес, 3,5 трлн-ы республикалық бюджет есебінен болады. Қаржы үш бағытта жұмсалады.
«Бірінші бағыт – экономикалық тұрақтылықты қамтмасыз ету үшін, төтенше жағдай үшін 1,2 трлн тенге қажет болады. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасына 300 млрд теңге кетеді. Оған 250 мың жұмыс орны ашылады. Одан кейін 50 млрд теңгеге «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асырамыз», - деп түсіндірді вице-министр.
Оқи отырыңыз: Үкімет 250 мың адамға жұмыс тауып бермек
Екінші бағытқа тоқталсақ, қаржы макроэкономикалық көрсеткіштің өзгеруіне байланысты атқарылатын іс-шараларға жұмсалмақ. Оған 315,6 млрд теңге керек. Яғни, 1 сәуірден бастап шетелдік валюта курсы өзгергендіктен, әлеуметтік төлемдерге жасалатын индексация осы қаржы есебінен болмақ.
«Үшінші бағыт - 293,3 млрд теңге мемлекет басшысының жекелеген азаматтарды қолдау үшін берген тапсырмаларын қолдауға жұмсалады. Соның аясында, өндірісті ынталандыруға, азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған шаруалар атқарылады. Бұл шаралар республикалық бюджет шығынын 532,8 млрд теңгеге қысқарту, бюджет тапшылығын 3,5%-дық ЖІӨ-ге жеткізу арқылы жүзеге асады», - деп айтты Б.Шолпанқұлов.
Оқи отырыңыз: Биыл бюджет түсімі жоспардағыдан 1,7 трлн теңгеге аз болады
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан