$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.04.2020, 16:28
Үкімет

Қазақстанда жұмыссыздарға 5567 теңгенің азық-түлік себеті беріледі

Қаржы министрінің орынбасары азық-түлік себеті кімдерге берілетінін айтты

Қазақстанда жұмыссыздарға 5567 теңгенің азық-түлік себеті беріледі
Фото: ашық дереккөзден

Төтенше жағдай кезінде Қазақстандағы бірнеше әлеуметтік санаттағы 2 млн отбасыны азық-түлікпен қамтуға мемлекеттік бюджеттен 30,8 млрд теңге қаржы бөлінбек. Ең қажетті азық-түліктен тұратын себеттің әрқайсы 5567 теңгеге бағаланады. Бұл жайында Қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұлов айтты.

Бұл азық-түлікке атаулы әлеуметтік көмек алатындар (оның ішінде 6-18 жастағы балалар да бар), 1-3 санаттағы мүгедектер, мүгедек баланы қараушы ата-аналар, ресми жұмыссыз болып тіркелгендер қол жеткізеді.

Сонымен бірге, коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан дәрігерлерге қосымша үстемақы төлеуге 40,5 млрд теңге қаралған. Айтылған қаржының барлығы дағдарыспен күреске бөлініп отырған 5,9 трлн теңгенің есебінен болады.

Серіктес жаңалықтары