ШұғылҚазақстанда тағы 517 адамнан коронавирус анықталды

Спорттық шаралардың өтпей қалуынан 3,7 млрд теңге үнемделді

Қазақстанда биыл өтеді деп жоспарланған халықаралық 15 жарыс кейінге қалды

Мәдениет және спорт министрлігі әлемді жайлаған коронавирус қаупіне байланысты  халықаралық 15 спорт шарасын кейінге шегерді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті.

«Жалпы, төтенше жағдайға байланысты елімізде жоспарланған халықаралық 15 спорт жарысының мерзімі кейінге шегерілді. Сондай-ақ барлық спорт федерацияларына биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында ел аумағында шетелдік спортшылардың қатысуымен өтетін спорт шараларының уақытын өзгерту туралы ұсыныс жасалды. Жоғарыда айтқан спорттық іс-шараларды өткізбеу туралы шешім бізге 3,7 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік бергенін айта кеткен жөн», - деді ведоство басшысы.

Биыл Токиода өтеді деп жоспарланған Жазғы олимпиада ойындарының келесі жылға ауыстырылғанына қарамастан, спортшылар дайындық жұмыстарын жалғастырады.

«Бұл ретте біздің спортшыларымыз дайындық жұмыстарын жалғастыра береді. Ұлттық олимпиада комитеті, түрлі федерациялар кеңесе келе, атлеттеріміздің жаттығу кестесіне өзгерістер енгізді. Қазір спортшылардың барлығы үй жағдайында дайындықтарын пысықтап, жаттығуларын жасап жатыр», - деді Ақтоты Райымқұлова.

Әсел Тұмашқызы, Нұр-Сұлтан

Сұхбат