ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1430 адамнан коронавирус анықталды

Ресейдің Қазақстанмен шекарада бақылауды күшейтуі коронавируске қатысы жоқ - АШМ

Министрліктің мәлімдемесі

Қазақстан-Ресей шекарасында фитосанитарлық бақылауды күшейту ҚР АШМ мен «Россельхознадзордың» былтыр  басталған бірлескен жұмысының жалғасы болып табылады.  Сондықтан бұл шаралар COVID-19 вирусының таралуына ешқандай қатысы жоқ,- деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің мәліметінше, өткен жылы РФ шекарасына жақын жерде ҚР-ға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жүктерді әкелу кезінде заң бұзушылықтарды анықтау үшін 32 фитосанитарлық бақылау пункті құрылған.

2020 жылдан бастап РФ аумағынан карантинге жатқызылған өнімді тасу кезінде 293 тәртіп бұзушылық анықталып, 10 млн теңгеге айыппұл салынды. «Россельхознадзордың» атына 39 нотификация жіберілген.

Бұл ретте, 2020 жылы ҚР кәсіпкерлері тарапынан анықталған бұзушылықтар туралы нотификациялар түскен жоқ. Жүргізілген жұмыс аясында Ресей Федерациясының Үкіметі, Қазақстан-Ресей шекарасында фитосанитарлық бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берді.

«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі фитосанитарлық бақылау ауыл шаруашылығы дақылдары зиянкестерінің енуіне жол бермеуге бағытталғанын түсіндіруде. Бұл зиянкестер өсімдік шаруашылығына залал келтіреді. Осы тұрғыда фитосанитарлық бақылаудың күшейтілуі COVID-19 вирусының таралуына  еш қатысы жоқ», - делінген министрліктің хабарламасында.