07.03.2020, 16:27
Үкімет
Асқар Мамин 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Премьердің құттықтауы
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан әйелдерін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy primeminister сайтына сілтеме жасап.
«Құрметті ханымдар, сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Көктемнің бұл күні сіздердің күлкілеріңізбен бізді нұрландырады. Сіздер отбасыларыңыз бен туған-туыстарыңызға ғана қамқорлық танытып қоймай, Қазақстанның да дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер.
Сіздер айналаға махаббат пен қамқорлық және аналық жылу сыйлайсыздар. Біз сіздерді тек мереке күндері емес, әрдайым құрметтейміз, бағалаймыз! Шын жүректен сіздерге денсаулық, бақыт, береке тілеймін!» делінген премьердің құттықтауында.
Көп оқылған
09.09.2026, 10:10
Оралда ер адам танысын асқан жауыздықпен пышақтап өлтіріп, сотта өзін қорғадым деп ақталған
09.09.2026, 12:05
«Бес қабат үйдің материалымен 9 қабат үй салып жіберген»: Ұлдана Мырзуанның сотында сарапшы сұмдық мәліметті жария етті
09.09.2026, 14:32
Бір топ еркекпен жеке қалған: ақтөбелік әйел қызының көзінше тікелей эфирде былапыт сөйлеген (ВИДЕО)
09.09.2026, 13:37
Баян Алагөзова дінге қатысты желідегі жазбасы үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады