$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.03.2023, 20:19
Үкімет

Серік Жұманғарин Шымкент қаласының тұрғындары және кәсіпкерлерімен кездесу өткізді

Бұл шымкенттіктермен соңғы жарты жылдағы екінші кездесу

Серік Жұманғарин Шымкент қаласының тұрғындары және кәсіпкерлерімен кездесу өткізді

Премьер-Министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин 2 наурызда Шымкент қаласының тұрғындары және кәсіпкерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл шымкенттіктермен соңғы жарты жылдағы екінші кездесу. Бірінші кездесуде бизнес-қоғамдастық бизнестің толыққанды дамуына кедергі келтіретін көптеген маңызды мәселені көтерген болатын. Бұл жолы да Серік Жұманғарин Үкіметтің халық пен кәсіпкерлерді қолдау аясындағы шаралары туралы хабардар етумен қатар, қарашадағы бірінші кездесуде айтылған мәселелер бойынша жұмыстың іске асырылу барысы туралы есеп берді.

Өңірлерде жиі көтерілетін жүн мен тері экспортына кедендік жеңілдіктер мәселесі – шешілгендер қатарында.

«Бұл мәселе түрлі өңірлерде, ШҚО-да, Астанада қой шаруашылығымен айналысушылармен кездескен кезде бірнеше рет көтерілді. Жақында ол бойынша шешім қабылданды: 22 ақпанда Ведомствоаралық комиссияның отырысында жүнге ЭКБ нөлдік мөлшерлемесін ұзарту мәселесі мақұлданды. Республикалық бюджет комиссиясы оң қорытынды шығарғаннан кейін СИМ кедендік әкету баждары қолданылатын тауарлардың тізбесіне өзгерістер енгізу бойынша қажетті рәсімдердің барлығын жүргізеді», — деді Серік Жұманғарин.

Тағы бір маңызды мәселе бойынша жұмыс жасалып жатыр – жергілікті қамту үлесі бөлігінде «Самұрық-Қазына» қорының мемлекеттік органдары мен компаниялары сатып алған жеңіл өнеркәсіп тауарларына СТ-KZ тауарларының шығу сертификаттарының болуы. Бұл мәселемен СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті айналысады. Комитет Қордың сатып алуларына талдау жүргізіп, ықтимал сәйкессіздіктерді анықтап, оларды жою жөніндегі шараларды Қормен бірге пысықтап жатыр.

Өткен жылдың қараша айында оңтүстік өңірлердің кәсіпкерлері Еуропа елдеріне өнім экспорттау үшін ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының еурокодты аккредиттеу және алу процесін жеделдетуді сұрады. Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәселемен айналысып жатқанын түсіндірді. Жақында Брюссельге сапары аясында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директорының орынбасары Әсел Егембердиева еуропалық комиссарлармен кездесті. Келіссөздер нәтижесінде биылғы 15 наурызда ресми түрде балық жеткізушілердің тізімі жаңартылатын болды. Франция және Швейцариямен қазақстандық балық өнімдерін сатып алуға коммерциялық уағдаластықтар қолда бар. Қазіргі таңда балық шаруашылығы өндірушілерінің аудит жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл шара бал, сүт және ет өнімін өндіретін экспорттаушыларды тізілімге енгізу жұмыстарын бастауға ықпал етпек.

Екінші кездесу барысында қала тұрғындары мен кәсіпкерлері астық тасымалдау, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау, Қазақстанның батыс немесе шығыс өңірлеріне тауарларды жеткізу үшін оңтүстік өңірлер өндірушілерінің жол шығындарын субсидиялау мүмкіндігі, ел ішіндегі отандық тоқыма бұйымдарының бәсекеге қабілеттілігі және т.б. мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, «Отан-Агро» ЖШС басшысы Берік Орынтаев жылыжайларды субсидиялау мәселесін көтерді.

«Бүгінде республиканың өнеркәсіп жылыжайларының негізгі үлесі Шымкентте шоғырланған. Маусымаралық кезеңде коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жылыжай шаруашылықтарының жағдайын нашарлатады. Коммуналдық қызметтер үшін жылыжай төлемдерінің 50%-ын субсидиялауға мүмкіндік бар ма?» — деп сұрады ол.

Серік Жұманғарин Үкіметтің жылыжай шаруашылықтарын қолдау шаралары жөніндегі жұмысы туралы айтып берді.

«Ақпан айында мен Түркістан облысының Сарыағаш және Мақтаарал аудандарында болдым. Қыста қатты аяздан және қардың көп түсуінен, сондай-ақ көмір жетіспеушілігінен жылыжайлар зардап шекті. Өңірде екі млн-нан астам адам тұрады және мемлекеттің басты міндеті – өндірістерді, жаңа жұмыс орындарын дамыту үшін барынша жағдай жасау. Жылыжай шаруашылықтарын қолдауға субсидиялар бөлу туралы шешім қабылданды. Қазір жылыжайлар үшін ұлттық стандарт әзірленуде, ол бекітілгеннен кейін жылыжай шаруашылықтарына субсидиялар бөлу мүмкіндігі үшін заңнамаға өзгерістер енгізілетін болады. Көмір бойынша жақында Шұбаркөл көмір қорының басшылығымен жылыжайларға көмірді тікелей биржа арқылы, дилерлердің көмегімен сату мүмкіндігі бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондықтан бұл мәселе де жақын арада шешіледі деп ойлаймын», — деді вице-премьер.

Серіктес жаңалықтары