$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Смайылов халықтың проблемасы дұрыс шешілмей отырған өңірлерді атады

Үкімет басшысы үш облысты атады

Смайылов халықтың проблемасы дұрыс шешілмей отырған өңірлерді атады
Фото ашық дереккөзден

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов әкімдердің халық проблемасын шешудегі міндетін атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Әкім бол – халқыңа жақын бол» дейді. Бізге ашық және нақты байланыс қажет. Халық үніне құлақ асатын мемлекет үшін мұндай іс-шаралар халықпен қарым-қатынастың маңызды құралына айналуға тиіс. Ел ішінде әкімдердің кездесулерін асыға күтеді, өйткені сұрақтардың көпшілігі жергілікті жерлерге қатысты», - деді ол.

Смайылов атап өткендей, кездесулер жаңа форматта өткізіліп жатыр.

«Яғни, әкімнің өзі аудандарға жиі шығып, халықпен кездесіп тұрады. Бұл қатысушылар санын айтарлықтай арттырып, көп мәселені шешуге мүмкіндік береді. Есептерге қарасақ, әкімдермен кездесулерде проблемалардың шамамен 99% шешімін табады. Бұл орайда, Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Алматы қаласындағы оң тәжірибені атап өтуге болады. Ал Алматы, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында тұрғындардың проблемасын шешу көрсеткіштері әлі де төмен»,- деді ол.

Серіктес жаңалықтары