$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Биыл мемлекеттік бақылаудың 35 саласы автоматтандырылады - Ұлттық экономика министрі

Өткен жылы 35 сала автоматтандырылған

Биыл мемлекеттік бақылаудың 35 саласы автоматтандырылады - Ұлттық экономика министрі
Фото ашық дереккөзден

Биыл мемлекеттік бақылаудың 35 саласы автоматтандырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру бойынша 2022 жылы мемлекеттік бақылаудың 35 саласы автоматтандырылды және 16 ақпараттық жүйе «Smart Data Ukimet»-ке интеграцияланды. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың қолда бар ақпараттық жүйелерінде Тәуекелдерді басқару жүйесі деректерінің 29 көрсеткішін жинау бойынша техникалық жұмыс жүргізіліп жатыр»,-деді Қуантыров.

Министрдің айтуынша, 2023 жылы бақылаудың қалған 35 саласын автоматтандыру жоспарланып отыр.

«Осыған байланысты Smart Data Ukimet базасында автоматтандырылған жүйенің толыққанды жұмыс істеуі мақсатында мемлекеттік органдардан жетекшілік ететін ақпараттық жүйелерден базаны өз көрсеткіштерімен толтыру талап етіледі»,-деді ол.

Серіктес жаңалықтары