ҚазАгро шаруаларға берілетін ақшаны Хоум Кредитке салып жіберген - Шпекбаев
Ұлттық компания сыйақы алуды көздеген
Қазір квазимемлекеттік компаниялар бюджеттен алынған қаражатты екінші деңгейдегі банктердегі ұзақ мерзімді депозиттерге салып, пайда көруді әдетке айналдырған. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты.
«Жұмысты уақытында және сапалы орындамай, «пайда алу» мақсатын ғана көздеу мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуына қауіп төндіреді. Бүгінгі күні Агенттік «ҚазАгро» - Аграрлық несиелеу корпорациясына қарасты ұйымға қатысты тергеу жүргізуде. Оның басшылығы заңсыз сыйақы алу үшін «Хоум кредит банкіндегі» депозитке ауыл кәсіпкерлерін жеңілдікпен несиелендіруге арналған 11 млрд теңгені салған»,- деді А.Шпекбаев.
Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда кәсіпкерлердің жемқорлыққа қарсы мәселелеріне арналған IV республикалық форумы өтіп жатыр.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан