$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.02.2020, 16:36
Үкімет

Қазақстан бензин мен дизелді биржада сатып, пайда таппақ

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, бензин биржаға 2021 жылы шығады деп күтіледі

Қазақстан бензин мен дизелді биржада сатып, пайда таппақ

Ведомствоның алқа мәжілісінде хабарланғандай, Энергетика министрлігі осы жылдың 1 шілдесіне дейін мазут пен әуе керосині, ал, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап бензин мен дизель отынын биржада сатып, пайда таппақ.

«2020 жылдың көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін  386 мың тонна дизель отыны бөлінді. Еліміздегі 3 мұнай өңдеу зауыты модернизациядан өткеннен кейін терең өңделген қосымша құны жоғары өнім алуға мүмкіндік туып отыр және елімізге қажет жанар жағармайдың барлығын өзіміз қамтамасыз ете алатын жағдайға жеттік»,- дейді Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.

Осылайша, 2019 жылы Қазақстан өз нарығын жанар-жағармаймен 100 пайыз қамтамасыз еткен. Артылған өнім көршілес елдерге экспортталғаны хабарланып отыр.

«2019 жылы 180 мың тонна бензин экспортталды. Нарықтағы қарым-қатынастарды, соның ішінде мұнай өнімдерінің ашық саудалануын қамтамасыз ету бағытында мұнай өнімдерін биржаға шығаруды ұйымдастыру жүріп жатыр.  Биыл 1 шілдеге дейін мазут пен әуе керосинін биржаға шығарып, саудалау тәсілін ұйымдастыру бойынша жұмысы жасалып жатыр. Келесі жылдың 1 қаңтарында нарыққа шыққан бензин мен дизель отынының 10 пайызы  биржаға шығады, осылайша, біз осы әдісті  сынамадан өткіземіз», - деді Нұрлан Ноғаев.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары