ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 794 адамнан коронавирус анықталды

Коронавирус салдарынан Қазақстан мұнайының бағасы күрт арзандады

Мұнай бағасының осылай күрт төмендеуі соңғы рет 2003 жылы тіркелген

фото: tumba.kz

Энергетика министрлігінің алқа мәжілісіне қатысқан «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жақып Марабаевтың айтуынша, мұнай бағасының күрт арзандауы коронавируспен байланысты.

«Біздің саладағы соңғы оқиғаларға байланысты айта кетейін, бәріне белгілі, коронавирустың өршуіне байланысты мұнай бағасы 2003 жылдан бері болмаған күрт төмендеуге әкеп соқтырды. 2003 жылдың ақпан-наурыз айларында пневмонияның (атипичный - авт.) өршуіне байланысты мұнай бағасы 31 пайызға арзандап кеткен еді. Әрине, бұл біздің көршіміз – Қытайдың әлемдік экономикадағы орнымен байланысты. Абзалы, коронавирус фактісі біздің елде расталған жоқ. Көктемге дейін аз уақыт қалды. Сондықтан, қуанышты жаңалық күтеміз», - деді Жақып Марабаев.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы дерек бойынша Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 77 мыңнан асты. Сондай-ақ коронавирус инфекциясы Қытайдан тыс елдерде де таралып жатыр.