Алматылықтардың қауіпсіздігі үшін 16,8 млрд теңге бөлінді - Досаев
Қала әкімі қаңтар оқиғасынан қираған Алматының толық қалпына келгенін айтты

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында алғашқылардың бірі болып баяндама жасаған Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қаңтар оқиғасынан кейінгі қаланың жағдайын баяндады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Сіздің биыл маған қаңтар айының соңында берген басты тапсырмаңызға сәйкес, қаңтар оқиғалары кезінде қиратылған инфрақұрылым толығымен қалпына келді. Қала экономикасы тұрақты өсу траекториясына шықты. Зардап шеккен 1 640 кәсіпорынға 16,2 млрд теңге шамасында өтемақы төленді. Олардың 95 пайызы өтемақысын биыл 1 маусымға дейін алды», - деді Досаев.
Ал, жеке азаматтар бойынша 613,5 млн теңге көлемінде өтемақы төленген.
«Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 16,8 млрд теңге бөлінді», - деді Досаев.