12.12.2022, 11:48
Үкімет
Үкімет экономиканың өсімін келесі жылы кемі 4% жеткізуге тырысады
Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлім етті
2023 жылы Қазақстан экономикасының өсімі кемі 4% болады деген болжам бар. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлер кабинетінің басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«2023 жылы экономиканың өсу қарқыны кем дегенде 4% болады деп болжаймыз. Жұмыссыздық 4,8%-ке дейін төмендеу керек», - деді Президенттің алдында баяндама жасаған ол.
Ал, биылғы көрсеткіш әрине, көңіл көншітпейді: Смайылов хабарлағандай, биыл қаңтар мен қараша аралығында экономиканың өсімі 2,7% деңгейінде болды. Инфляция рекордтық деңгейге – 19,6% жетті.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
