ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 78 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы өткізу пунктері жөндеуден өтеді

Екі ел арасындағы шекарада 30 өткізу бекеті бар

фото: topmigrant.ru

Автомобиль жолдары комитеті 2025 жылға дейін Қазақстан мен Ресей шекарасындағы 27 өткізу пунктін жаңарту жоспарланып отырғанын хабарлады. Жобаны 5 кезең бойынша жүзеге асыру көзделген.

«Қазақстан мен Ресей шекарасында бүгінгі таңда 30 өткізу пункті бар. Оның 17-сі – көпжақты, 13-і – екіжақты өткізу пункті. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдерінен құралған комиссия жұмыс істеп тұрған өткізу пунктерінің техникалық жағдайын бақылады. Комиссия тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша өткізу пунктерінің жүктемесі, өткізу қабілетін есепке ала отырып, реконструкцияны талап ететін 27 өткізу пунктін анықтады», - делінген хабарламада.

Осылайша «Сырым», «Тасқала», «Қосақ», «Үрлітөбе» «Жаңа жол», «Әлімбет», «Қарақоға», «Шаған», «Құрманғазы», «Үбе», «Шарбақты», «Қызылжар»,  «Қайрақ», «Ауыл», «Бидайық», «Жәнібек», «Ақсай», «Қондыбай», «Аят», «Ақбалшық», «Найза», «Жезкент», «Қоянбай», «Байтанат», «Амангелді», «Обаған» және «Желқуар» бекеттері 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстарынан өтетін болады.

2019 жылдың қарашасында өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумында екі елдің тиісті министрліктері арасында қазақ-орыс шекарасындағы өткізу бекеттерінің жұмысы бойынша бірлескен іс-шаралар туралы бағдарламаға қол қойылды. Құжатқа сәйкес, жұмыс істеп тұрған өткізу пунктерінің жағдайына талдау жүргізу, 2020 және 2025 жылдар аралығында қазақ-орыс шекарасындағы өткізу пунктерін дамытудың Жол картасын әзірлеу көзделген.