Біржан Нұрымбетов: «Қандай көлік береді, сонымен жүреміз. Менікі – Mercedes»
Министр астындағы қызметтік көлікке қатысты жауап берді
Аzattyq-ruhy тілшісі Б.Нұрымбетовтен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшыларын таситын люкс санаттағы қызметтік көліктер туралы сұрады.
«Біздің министрлік алты көлікке 54 млн теңге төлеп жатыр. Ол кез келген министрлікте бар. Кез келген мемлекеттік орган Президенттің іс басқармасының қызметін пайдаланады», - деді ол.
Сондай-ақ, министр лауазымды тұлғалардың қандай көлікте жүріп-тұратынын айтты.
«Әртүрлі, мен үңіліп қарамаппын. Шкода бар, менікі – Мерседес. Кез келген минисрлікте солай. Бізге қандай көлік келетінін таңдамааймыз. Бізге қандай көлік береді, сонымен жүреміз. Ақшасын министрлік төлейді, кез келген мемлекеттік органның бюджетінде қаралған», - деді Нұрымбетов.
Еске салайық, бұдан бұрын Аzattyq-ruhy Еңбек министрлігі басшылықты әуежайға тасымалдау үшін 54 млн теңгеге көлік жалдаған деген мақала жариялаған. Мекеме мемлекеттік сатып алулар сайтында «жеңіл автокөлікпен тасымалдау» қызметін алу үшін тиісті лотты 2019 жылдың 31 қаңтарында жариялаған.