$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.01.2020, 11:20
Үкімет

Дүниежүзілік пошта ұйымына Қазақстан жыл сайын 18 млн теңге аударады

Мәжіліс депутаттары бүгін тиісті заң жобасын бірауыздан мақұлдады

Дүниежүзілік пошта ұйымына Қазақстан жыл сайын 18 млн теңге аударады

Бүгін төменгі палатаның жалпы отырысында «Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Тоғызыншы қосымша хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралап, талқыланды.

Құжатты таныстырған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев «осы хаттама Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысынан бір-бірін қайталайтын нормаларды алып тастайды». Сонымен қатар, құжат пошта аумағында барлық жолдамалардың өзара алмасуын жеңілдетуге арналған нормаларды қосып, конвенция және регламенттегі нормаларды бір-бірімен сәйкестендіреді.

Депутаттардың құжат Қазақстанның пошта жұмысына қандай мүмкіндік береді деген сұрағына министр «халықаралық терминдерді пайдаланып, халықаралық талаптарға сай жұмыс істеуге қол жеткіземіз» деген жауабын айтты.

Депутат Татьяна Яковлевадан білгеніміз, Дүниежүзілік пошта ұйымына қосыла отырып, Қазақстан мүшелік жарна төлеуге міндеттеледі.

«Дүниежүзілік пошта одағы жарғысының 21-бабына сәйкес, мүшелік жарна төлеуге міндеттейді. Сол бапқа сәйкес, дүниежүзілік пошта одағының шығыны мүше елдер арасында бөлініп, олар шығынды мүшелік жарна есебінен төлейді. Мүшелік жарнаның сегіз түрі бар және одаққа мүше елдер өзі таңдау жасай отырып, сол сегіз түрлі жарнаж төлейді? Және бұл жарна Қазақстанға қандай артықшылық береді?», - деді министрге сұрақ қойған депутат.

Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, Қазақстан жарналық мүшенің ең минималды сомасын таңдаған. Ол Швейцарияның 46 мың франкы. Ол Қазақстан теңгесіне шаққанда – 18 млн теңгеге жуықтайды.

«Жарна негізінен 46 мың Швейцария франкын (1 франк – 390,66 тенге – авт) құрайды. Біз қазіргі таңда осы ұйымға ең минималды жарна салып отырмыз. Бұл біріншіден бізге дауыс беруге мүмкіндік береді, және басқа мемлекеттермен қатар тұрып шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Біз осы жарнаның бағасын көбейтпейміз, себебі, минималды төлемнің өзі осы ұйымдағы барлық негізгі функцияларды атқаруға мүмкіндік береді», - деді ол.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары