$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.01.2020, 11:00
Үкімет

Қазақстан жаңа жер серігіне 40 млрд теңге жұмсайды

Қазір KazSat-2R жаңа спутниктің техникалық экономикалық негіздемесі жасалып жатыр

Қазақстан жаңа жер серігіне 40 млрд теңге жұмсайды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, жер серігін жасайтын мердігерді «мемлекеттік сатып алу» конкурсы анықтайды.

«Қазір жер серіктің техникалық экономикалық негіздемесі, жалпы, спутниктің сыртқы келбеті қандай болады деген мәселемен айналысып жатыр. Содан кейін, тиісті конкурстық шаралар өтеді. Кім мердігер болатынын сол конкурс көрсетеді. Қателеспесем, ғарыш серігінің техникалық экономикалық негіздемесіне, яғни, спутникті жасауға 40 млдр теңге қарастырылған. Бұл тек спутникке кететін шығындар. Бұдан басқа, жерүсті жұмыстарына кететін шығындар тағы бар», - деді бүгін ол Мәжіліс отырысынан соң журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Айта кетейік, бұл спутникке бұған дейін бұрынғы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жауапты еді. Олар, қазір ғарышта жүрген «KazSat-2» ғарыш аппаратын жоспарлы түрде ауыстыру үшін  «KazSat-2R» ғарыштық жүйесінің  қаржылық-экономикалық және техникалық негіздемесін бастап кеткен. Осы министрлік «KazSat-2R» спутнигінің құрастыру жұмыстары 2020 жылы басталатынын хабарлап, «KazSat-2» жер серігінің жұмыс уақыты 2023 жылы аяқталатынын хабарлаған болатын.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары