$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.01.2020, 11:55
Үкімет

Қазақстанда әскерге бармаған жігіттер әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін

Бұл туралы бүгін Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы Мұрат Бектанов мәлім етті

Қазақстанда әскерге бармаған жігіттер әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін
Фото: mod.gov.kz

Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы міселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Осы құжатты талқылау барысында депутаттар әскерге уақытында бармаған ер азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс айтып, осы ұсынысқа қатысты Қорғаныс министрлігінің позициясын сұрады.

Журналистердің сұрағына жауап берген Мұрат Бектанов «осы ұсынысты қарастыратынын» айтты. «Заң әзірлейміз, әкімшілік жазаға тарту туралы тапсырма бар» деп жауап берді.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, қазіргі заңдарда әскери билеттің болу-болмауына қатысты не міндет, не жауапкершілік жоқ.

«Бұл қандай салдарға әкеп соғады? Қараңыздар, 2019 жылы еліміз бойынша әскерге баруға міндетті, 27 жасқа толған 48 мың адамның ішінен 9 мыңнан аса азамат қана әскери билет алды. Әскерге баруға міндетті 36 мың адам тиісті құжатын алмаған. Бұл тек бір жылдың ғана мәліметі. Ертең алда-жалда бұл әскерге міндетті азаматтар ел қорғанысына тартылатын болса, бірнеше күннің ішінде он мыңдаған адам қалай әскери билет алады? Сондықтан, менің ойымша, депутаттар дұрыс мәселе көтеріп отыр. Әскерге баруға міндетті азаматтар өз уақытында әскери  тіркеуден өтуі керек және қасақана жауапкершіліктен қашқаны үшін жауапкершілікке тартылуы керек», - дейді Нұрлан Нығматулин.

Кенжекей Тоқтамұратқызы, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары